Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 84 пайызды құрады

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте мемлекеттік сатып алулардағы, құрылыс-монтаж жұмыстарындағы және өнеркәсіп секторындағы жергілікті қамту үлесін арттыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Еске сала кетейік, осы орайда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты тұлғаларға тиісті тапсырма жүктеген болатын.


Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту үлесі 84 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш өнеркәсіптің «Қарапайым заттар экономикасына» қатысты алты бағыт бойынша 74 пайызды, құрылыс-монтаждау жұмыстарында 86 пайызды көрсеткен.


Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бақытжан Жүнісбеков мемлекеттік сатып алудағы негізгі міндеттер ретінде жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша есептілік, өнім жеткізушілердің жергілікті қамтудың ең жоғары үлесіне деген мүдделілігі, сондай-ақ отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау болып табылатындығын тілге тиек етті.


- Өткен жылдың басында біз құрылыстағы жергілікті қамту үлесін 90 пайызға дейін жеткізуге келіскенбіз. Бұл міндеттеме орындалмады. Басқарма басшылары тұрақты түрде тиісті орындарға хат жіберетіндерін айтады. Демек, одан кейін бұл ешкімді қызықтырмайды, жағдай қадағалаусыз қалады. Сондықтан, нәтиже жоқ. Өндірушілер негізінен Таразда орналасқан, бірақ олармен жергілікті қамтуды арттыру бойынша тиісті деңгейде жұмыс жүргізілмейді. Қалалық әкімдік, облыстық басқармалар және өңірлік кәсіпкерлер палатасы өзара тығыз байланыста жұмыс істеуі тиіс. Әзірге ондай жүйе байқалмайды, - деді облыс әкімі.


Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев жергілікті қамтуда тауарлар ассортиментін кеңейту қажеттілігі туралы баса айтты. Сіздер тек қиыршық тас пен шағалды пайдалануға қанағаттанбай, жаңа тауарлар мен материалдар өндірісін жолға қоюға ұмтылу керексіздер.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді