2022 жылдың 16 мамыр күні Шымкент қаласында 1 «КҚГҚ ықтимал жағдайы» тіркелді, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының 46 жастағы тұрғыны «Асқазан-ішек жолдарынан қан кету. Өткір ауыр ағымы» диагнозымен Облыстық клиникалық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жүгінген. Осы күні науқас «КҚГҚ ықтимал жағдай» диагнозымен Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды.
Бүгінгі күнге науқастың жалпы жағдайы интоксикация мен геморрагиялық синдромға байланысты ауыр дәрежеде. Науқас оқшауланып, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жансақтау бөлімшесіне жатқызылды.
Науқаспен қарым-қатынаста болған 15 адам анықталды, оның ішінде 9 адам - медициналық қызметкерлер, барлығы медициналық бақылауға алынды. Індеттің алдын алу мақсатында кешенді эпидемиологиялық, зоопаразитологиялық және ветеринарлық алдын алу іс шаралары тиісті мамандармен жалғасуда.
Шымкент қаласы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан қолайсыз аймақтар қатарына жатады. Өткен жылы КҚГҚ-ның 2 жағдайы тіркелген.
Қалада кене шағып медициналық көмекке қаралған 284 адам тіркелді (2021 жылдың ағымдағы мерзімінде – 94 адам), яғни өткен жылдың осы мерзімімін салыстырғанда кене шағу жағдайы 3 есеге өскен.
Осы ретте, Шымкент қаласында кенелердің көбеюінің және адамдар арасында КҚГҚ ауруының тіркелуінің алдын алу мақсатында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жалғасып жатқанын еске саламыз.
КҚГҚ ауруының алдын алу мақсатында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және оның аумақтық басқармаларының мамандарымен тұрақты түрде санитариялық-ағартау және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – бұл вирус қоздырғышынан туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру, науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда, өлім жағдайына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының негізгі клиникалық көріністері: инкубациялық кезең (ауру қоздырғышын жұқтырғаннан аурудың алғашқы белгілерінің пайда болуына дейінгі мерзім) 1-14 күнге дейін созылады, бұл кезеңнің ұзақтығы вирусты жұқтыру жолына байланысты болады.
17-05-2022, 18:32
Шымкентте Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына ықтимал жағдай тіркелді
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз