Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында жасөспірім құтырма дертінен көз жұмды

Түркістан облысында ит тістегеннен кейін бір жылдан соң 14 жасар жасөспірім қайтыс болды. Өлімнің болжамды себебі-құтырма ауруы.  Оқушыны құтқаруға болатын еді, дегенмен... Енді барлығын егжей-тегжейлі баяндасақ, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Ата-анасының айтуынша, ит өткен жылдың мамыр айында ұлына шабуыл жасап, аяғын тістеп алған. Бірақ медициналық көмекке жүгінбей, өздері үйде емдеумен айналысқан. Тек бір жылға жуық уақыт өткен соң, 7 сәуірде жасөспірімде келесідей клиникалық белгілер пайда болған: қорқыныш, үрей, дене температурасының жоғарылауы, сүйектер мен жарақат алған жердің ауырсыну, су ішу кезінде ауаның жетіспеушілігі және жалпы әлсіздік. Келесі күні олар тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгінген, дәрігерлер оған сүйек ауруына қарсы емдеу тағайындаған.

Оған қарамастан баланың жағдайы нашарлай берген. Бала бел тұсындағы ауруларға шағымдана бастайды. Баласына ем-дом іздеген ата-ана жеке клиникаларға ғана емес, дәстүрлі емес медицина өкілдеріне де жүгіне бастаған.

УДЗ өткеннен кейін жасөспірімде бүйректегі қабыну анықталып, соған сәйкес ем алған. Бірақ баланың жағдайы беті қарамаған: балада ентігу, гидрофобия, аэрофобия пайда болған.

Жағдайы күрт нашарлаған баланы 10 сәуірде жедел жәрдем көлігімен аудандық ауруханаға апарып, жұқпалы аурулар бөлімінде оған құтырма диагнозы қойылды. Сол күннен бастап барлық отбасы мүшелері медициналық бақылауға алынды.

Алайда сегізінші сынып оқушысын аман алып қалу мүмкін болмады. Ол келесі күні – 11 сәуірде көз жұмды.

Адамдарда инфекцияның (құтырма) инкубациялық кезеңі 12-ден 100 күнге дейін, өте сирек 1 жылға дейін созылады. Сондықтан төрт аяқты жануар тістегеннен кейін елеусіз жарақаттың өзі бірден пайда болмауы мүмкін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді