Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда 12 адам дөнерден уланып, аурухана түсті


Қарағанды қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына 12 адам тамақтан улану белгілерімен түсті. Кейін анықталғандай, науқастардың барлығы дөнер жеген. Қазіргі уақытта сауда нүктесі тексеріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында өткір ішек инфекциясы диагнозымен 12 адам жатыр. Олардың арасында он жасар бала да бар. Науқастар дөнер жеген соң мазалары кеткенін айтады. Қазір медицина қызметкерлері зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіп жатыр. Олардың жағдайы жақсарып келеді», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Науқастар дөнер жеген қоғамдық тамақтану орны қаланың қақ ортасында тұр әрі тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл жер қарағандылықтардың арасында өте танымал болғандықтан адамның қарасы үзілмейді. Оқыс оқиғадан кейін сауда орнының иесі оның жұмысын тоқтатқан. Аталмыш факті туралы Қарағанды облысының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне мекеме басшысы өзі хабар берген.

«Нысанға қатысты тексеріс басталды. Деректер тиісті процестік шешім қабылдау үшін Полиция департаментіне жіберілді», - деді облыстық департамент өкілдері.


Иллюстрациялық сурет: inform.kz
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті