Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Е. Тоғжанов ғылымды дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ғылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңеске Президент әкімшілігінің, салалық мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және ғылыми қоғамдастықтың өкілдері қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Вице-премьер ғылымның өндіріспен өзара байланысының маңызды рөлін, халықтың еңбек табысын өсірудегі ғылымның үлкен әлеуетін атап өтті. Халықтың табысын арттыру бағдарламасының жобасында 1700 жаңа жұмыс орнын құра отырып, ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландырудың 200-ге жуық жобасын іске асыру көзделген. Е. Тоғжанов халықтың еңбек табысын арттыруға ғылымның үлесін күшейту жөніндегі шараларды қосымша пысықтауды тапсырды.

Кеңесте ғалымдарды қолдау, ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту, ғылым, өндіріс пен бизнестің өзара іс-қимылын кеңейту жөніндегі нақты шараларды қамтитын ғылымды дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы талқыланды.

Сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігі техникалық ғылымдарды, инжиниринг пен технологияларды дамытуға баса назар аудара отырып, 951 перспективалы ғылыми әзірлемелердің тізімін таныстырды.

Бұдан басқа, салалық мемлекеттік органдар жанынан ғылыми-техникалық кеңестер құру арқылы жер қойнауын пайдаланушылардың ҒЗТКЖ-ға аударымдарын бөлу тетігі қаралды.

Кеңеске қатысушылардың ұсыныстарын тыңдаған Премьер-Министрдің орынбасары зерттеулердің өндірістік ғылымға әсерін күшейту, халықаралық технологиялық компанияларда қызмет ететін жетекші ғалым отандастарды тарту, тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің үлесін арттыру, экономика мен әлеуметтік саланың нақты міндеттерін шешу үшін ғылыми институттардың, кәсіпорындардың зертханалық жабдықтарды бірлесіп пайдалануы бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ту көтеру рәсіміне қатысты
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті