Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Солтүстік өңірінің белсенді жастары нетворкинг аясында бас қосты

 

«Bolashaq» Қауымдастығы Павлодар қаласында «Жастар ұйымдарының нетворкингі және тәжірибе алмасуы» жобасын ұйымдастырды. Шараға ҮЕҰ мен ЖРО өкілдері және солтүстік өңірінің белсенді жастары қатысты.


ҮЕҰ мен ЖРО өкілдері арасында өтіп жатқан шараға Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарынан 200-ден астам көшбасшы жастары мен жас кәсіпкерлер жиналды.


Аталмыш шараға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов, «Bolashaq» Қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінова, «United States/Kazakhstan Trade Council» директоры Дэвид М.Валера, «Global Procurement Company» директоры Олжас Сүлейменов, «Sandi Sultan TeleLab-SS Lab» лабораториясының негізін қалаушы, тележүргізуші Сәнді Сұлтан қатысты.


«Бүгінге дейін еліміздің төрт аймағында өткен нетворкингке солтүстік өңірінің белсенді жастары жиналып отыр. Шарадан өздеріңізге қажетті, маңызды ақпараттар алып, алдағы уақытта өз тәжірибелеріңізде жүзеге асырасыздар деп ойлаймын», - дейді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов.


Іс-шара бағдарламасына сәйкес, «ҮЕҰ мен ЖРО өзара байланыс мәселелері» атты нетворкинг алаңы ашылды. Онда жастар ҮЕҰ мен ЖРО арасындағы қарым-қатынас, тұрақты даму және жастар ұйымдарының тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады.


 

«Мұндай жиынның жастарға берері мол. Нетворкинг алаңында білім-білігімізді жетілдіріп, пайдалы ақпараттарға қанық болдық. Алдағы уақытта жаңа жобалар мен бастамаларға өз септігін тигізеді деп ойлаймын. Шараға келгендегі басты мақсатым – тәжірибе алмасу және жақсы достар табу. Мақсатыма 100 пайыз жеттім деп айта аламын. Себебі, елімізге танымал, өз саласында табысқа жеткен спикерлер келіп, кеңестерін айтып, тәжірибелерін бөлісті. Осындай мүмкіндік беріп, жастарды қолдап отырған «Bolashaq» Қауымдастығына ерекше алғыс айтқым келеді», - дейді Қостанай қаласынан келген қатысушы, студент Әлішер Хусейнов.


Айта кетсек, «Bolashaq» Қауымдастығы аталған жобаны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және Павлодар облысы әкімдігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты шеңберінде ұйымдастырды. Шара қорытындысы бойынша ҮЕҰ мен ЖРО-ның ең үздік қазақстандық тәжірибесі негізінде арнайы жинақ жарық көреді.


Елімізде алғаш рет өтіп жатқан «Жастар ұйымдарының нетворкингі және тәжірибе алмасуы» жобасы осыған дейін  Нұр-Сұлтан, Орал, Алматы, Шымкент қалаларында ұйымдастырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады