Нұр-Сұлтан қаласында «Жастар ұйымдарының нетворкингі және тәжірибе алмасуы» жобасы аясында қазақстандық-америкалық жастар форумы өтті. Шараға қос мемлекеттің белсенді жастары, ел дамуына үлес қосып жүрген көшбасшы азаматтар қатысты.
Қазақстандық-америкалық жастар форумына қатысушы сарапшылар, азаматтық белсенділер және Қазақстан мен АҚШ жастар ұйымдары өкілдері екі ел арасындағы байланысты нығайту, еріктілер қозғалысын дамыту перспективалары мен әлем елдерінде болып жатқан түрлі проблемаларды талқыға салды.
Белсенді жастардың басын қосқан жиынға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин қатысып, сөз сөйледі. Ол форумға қатысушы жастарды құттықтап, жастарды қолдауда мемлекет тарапынан артқарылып жатқан жобалар жайында айтып өтті.
«Нұр-Сұлтан қаласының ерекше өз миссиясы бар. Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ықпалымен елордамыз әлемде бейбітшілікті қалыптастыруға белсенді атсалысып келеді. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі сияқты ауқымды шараларға алаң ұсыну дәстүрге айналды. Бүгінгі форум да сондай пайдалышараның бірі болады деп ойлаймын. Екі ел жастарының бас қосуы мемлекетке ғана емес, олардың белсенді өмір сүруі үшін, жақсы достық байланыс орнату үшінде маңызды. Сол себепті, форум арқылы екі ел жастарының тығыз қарым-қатынасын жолға қоя аламыз. Форум ғылым, мәдениет, спорт саласындағы бірлескен жобалардың жүзеге асуына жол ашып, үздік тәжіри белерді бөлісуге мүмкіндік береді деген үміттеміз», - дейді Данияр Есин.
Америкалық белсенді жас, MIT университеті қызметкері Челси Конард АҚШ-тағы еріктілік тәжірибесі мен екі ел арасындағы ынтымақтастық қандай нәтиже бертіндігі туралы айтты.
«Екі ел жастарын біріктірген бүгінгі форум өте ерекше өтіп жатыр. Тәжірибе алмасу мақсатында келген соң, сіздерге маңызды ақпарат айтқым келеді. Егерде АҚШ-та волонтерлықпен айналысамын десеңіз, бірнеше құндылықтарды білген дұрыс. Біріншіден, өз ісіңізге деген адалдық. Екіншіден, тәжірибе алмасу мақсатында келетінболғандықтан, ерікті өзінің нені білгісі келетінін анық айту. Үшіншіден, еріктікез келген өзгерістерге дайын болған жөн. Себебі, әртүрлі проблемалар кездесіпжатады. Осы бірнеше құндылықтарды ұстанып жұмыс жасайтын болса, ешқандайкедергілер орын алмайды», - дейді Челси Конард.
«Kazakhstan Trade Council» директоры Дэвид М. Валера өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың кездесуін еске түсіріп, қазақстандықтардың дипломатиялық іскерлігі, олардың айналасындағы елдердің дамуына көмектесуге және белсенді болуға ұмтылысы ерекше екенін тілге тиек етті.
«Америкамен Қазақстан жастары арасындағы екіжақты байланысты дамытуға өз үлесімді қоса алғаныма қуаныштымын. Қазақстан мемлекет үшін ғана емес, жастары үшін де көпжақсы дүниелер жасап келеді. Негізгі фактор ретінде білім беру саласындағы өтемаңызды жобалардың бірі – «Болашақ» бағдарламасын айтар едім. Еуропада және АҚШ-та 13 мыңнан астам жас білім алды. Бұл жастарға беріліп отырған үлкен мүмкіндікжәне болашаққа мықты инвестиция. Бұл – үлкен жетістік», - дейді «Kazakhstan Trade Council» директоры Дэвид М. Валера.
«Еріктілер лигасы» қоғамдық қорының төрайымы Айсұлу Ерниязова еліміздегі жастардың белсенділігі мен олардың назарын аударған жобалар жайында баяндап, өз тәжірибесін бөлісті.
Іс-шара аясында екі жақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Bolashaq» Қауымдастығы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» және «Kazakhstan Trade Council» үш жақты меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ «Jas Otan» және «Indiana University Fencing Club», «Астана Жастары» және «Words Can Soar» халықаралық ұйымдар арасында да меморандум жасалды.
Айта кетсек, форум «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.