Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада "Elorda Korshiler" бағдарламасы іске қосылды

Президенттің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы аясында елордада "Elorda Korshiler" ішінара күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін үйлер тізілімін құру жөніндегі қалалық бағдарлама іске қосылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мүлік иелерінің өтініштері мен шағымдарын талдау қазіргі уақытта елордада әлеуметтік осал санаттағы азаматтар тұратын 1000-нан астам тұрғын үй бар екенін анықтады. Көбінесе мұндай ғимараттардың түрі кеңестік мұраға жатады. Үйлерде шатырды, қасбетті, инженерлік жүйелерді жөндеуге, аумақты абаттандыруға инвестицияларды қажет етеді.

Болжамды шығындарды объективті бағалау үшін ішінара күрделі жұмыстарды жүргізуді қажет ететін үйлердің бірыңғай тізілімі қалыптастырылады.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінімдер 2021 жылдың соңына дейін қабылданады. Үйде кеңес мүшелерінің атынан басқару органының болуы міндетті.

Бағдарлама бес кезеңнен тұрады: 

1.Өтінімдерді жинау және қабылдау

2.Бірегей нөмір бере отырып, дерекқорға енгізу арқылы тізілімге енгізу

3.Базаға енгізілген өтінімдер бойынша талдамалық есепті өңдеу және жасау

4.Жұмыс тобын бекіту

5.2022-2023 жылдар кезеңінде тізілімге енгізілген үйлер үшін жергілікті атқарушы органға қарауға және шешім қабылдауға енгізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап:

- ҚР азаматтығы

- МИБ төрағасы немесе ЖС сенімді тұлғасы (тіркеу туралы анықтама, қарапайым сенімхат)

- үй кеңесінің бекітілген құрамының болуы (кемінде үш адам)

- ЕДБ-де екі шоттың болуы (ағымдағы, жинақ)

- 20% аспайтын дебиторлық берешек

- ЖС нысаны кезінде басқарушы сертификатының болуы

- Бекітілген шығыстар сметасының болуы

- Сервистік қызмет субъектілерімен қызмет көрсету шарттарының болуы

Бағдарламаға МИБ немесе ЖС басқарудың бекітілген нысандары бар үйлер ғана қатыса алады

Өтініштер "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңына сәйкес басқару нысандарынан https://4osi.kz/elorda-korshiler сілтемесі бойынша қабылданады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді