Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада навигациялық жүйенің көмегімен үш бірегей операция жасалды

Елордада алғаш рет №2 қалалық көпбейінді аурухана базасында белгілі мәскеулік дәрігер Олег Сапельников аритмология бойынша мастер-класс өткізді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Мастер-класс аясында елордалық дәрігерлер Мәскеудегі әріптестерімен бірге жүйе ырғағының күрделі бұзылуы бойынша үш ерекше операция жасады: фибрилляция предсердия және трепетания предсердия.

Операциялар Boston Scientific (АҚШ) компаниясы шығарған «RYTHMYA HDX» навигациялық жүйенің көмегімен жүзеге асырылды. Бұл жүйе ТМД елдерінің аумағындағы жалғыз жүйе болып саналады. Медициналық аппарат жүрек ырғағының күрделі бұзылыстарын жоғары тиімділікпен жоюға мүмкіндік береді және рентгенді пайдалануды азайтады.

«Осындай күрделі операцияларды өз ауруханамызда жасағанымызға қуанамын. Бұл - асқан ептілікті қажет ететін өте күрделі операциялар. Аритмологтар командасының арқасында осындай үлкен қадамдар жасалуда», - деп атап өтті №2 МГБ медициналық бөлім бойынша директордың орынбасары Б.Ешмұратов.

«Біз 43, 53 және 59 жастағы үш науқасқа операция жасадық. Операциялар 2-3 сағатқа дейін созылды. Олар аз инвазивті және пациенттер үшін оңалту кезеңі іс жүзінде қажет емес. Қазіргі уақытта пациенттердің жағдайы тұрақты, оларды жақын күндері шығару жоспарланып отыр», - деп түсіндірді интервенциялық кардиология және аритмология бөлімінің аға ординаторы Т.Есенов.

Өз кезегінде пациент Н.Иванникова дәрігерлерге үлкен еңбегі мен кәсібилігі үшін алғыс білдірді.

«Тәжірибелі дәрігерлердің оқуды тоқтатпайтынына және оқудан ұялмайтынына ризамын. Мұндай мастер-класстар өте маңызды. Оқу ешқашан кеш емес. Әсіресе Чазов атындағы орталықтың өкілдерінен. Мұндай бақыт маған бұйырып, операция жасалды. Ертең үйіме қайтамын, бәріне алғысымды білдіргім келеді», - деді науқас.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты