Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда 2021 жылы жұмыс істейтін жастарға 1 мыңнан астам пәтер бөлінеді

Нұр-Сұлтанда 2021 жылы «Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы жалғасатын болады. Биыл 1050 пәтер беріледі. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.


«Мемлекет жас ұрпақты қолдау үшін барлық жағдайды жасайды. Олар еліміздің қозғаушы күші және болашағы болып есептеледі. Елбасының тапсырмасы бойынша 2019 жылы елордада жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Сол кезде мыңнан астам адам жалдамалы пәтерлерге ие болды. Осы уақыт ішінде олар аяққа тұрып, белгілі бір көлемде капитал жинауына мүмкіндік туады. Қаңтар айында біз тағы 350 пәтер беруді жоспарлап отырмыз. Ал 2021 жылдың соңына қарай тағы 1050 пәтер беріледі», — деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.


Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылы елордада жеңілдетілген қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайтылды. Биыл бұл жұмыстар да жалғасатын болады. Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін авариялық және ескірген тұрғын үйлерді бұзу, лифтілерді ауыстыру және тұрғын үй кешендерін жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, тұрғын үй сертификаттарын алушылар мен тұрғын үй бағдарламаларына қатысушылардың санаттары кеңейтілді.


Елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үй сертификаттарының көлемін 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтуға бастамашылық жасады. Жеңілдетілген қолжетімді тұрғын үйдің рекордтық көлемін салуға үй құрылысы комбинаттары көмектеседі. Инновациялық технологиялар құрылыс мерзімін қысқартуға, тұрғын үйдің өзіндік құнын төмендетуге және үйлердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда