Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мәскеуде қазақстандық пранкерлер 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Мәскеуде таксиге пранк жасаған қазақстандық блогерлер 3,5 жылға сотталды. Сот үкімі шыққанда айыпталушылардың жақындары жылап жіберді. Қыздардың реакциясы түсірілген видеоны SHOT Тelegram-арнасы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жаным, бәрі жақсы болады, сенші, жарай ма? Мен сені қатты жақсы көремін, күтемін", - дейді қыздардың бірі сүйіктісіне.

"Бәрі жақсы болады. Бекем бол", - дейді қыздар жігіттеріне.

Айта кетейік, 25 қарашада Мәскеуде сот қазақстандық блогерлер Рамир Хасанов, Айдын Түсіпов және Ерсін Дүмшебайды таксиді айдап әкетуге қатысты пранк жасағаны үшін бас бостандығынан айырды.

2021 жылғы наурызда жастар "Москва-Сити" сауда орталығына премиум такси шақырған. Құны 3,5 миллион рубльден асатын көлік тапсырыс берілген орынға келген. Жүргізуші олардың өтініші бойынша сөмкелерді жүксалғышқа салып жатқанда, айыпталушылардың бірі жолаушы орындығына отырған, екіншісі көлік тізгініне отырып, кетіп қалған.

Үшіншісі кетіп бара жатқан шетелдік көлікті және көлік иесінің реакциясын түсіріп алған. Бірнеше минуттан кейін күдіктілер қайтып келіп, жүргізушіге осылайша пранк жасағанын түсіндірген. Сол күні қазақстандықтар ұсталды, тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді