Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында туризм саласы қарқынды дамуда

Туризм – әлемдік экономикада басты рөлдердің бірін атқарады. Одан түсетін табыс айтарлықтай мол. Сондықтан, бұл саланың өсіп-өркендеуіне бәрі мүдделі. Біздің облыста туризмнің жандануына ерекше мән берілуде.

Карантиндік талаптар мен пандемиялық ахуал шипалы көлдің тынысын тарылта қоймады. Былтыр тәжвирусына қарсы қолға алынған қатаң талаптардың салдарынан демалушылар саны 800 мыңға жетеқабыл болған еді. Биыл бұл көрсеткіш екі есеге ұлғайды. Биыл Алакөлге 1 млн. 340 мың турист келген.

Толқыны тулаған, шағаласы шулаған көлдің бойында шаңырағын тіктеген Ақши, Көктұма ауылдарында барлығы 278 демалыс орны қызмет еткен болатын. Биыл олардың қатары 14 нысанмен толықты. Айта кетсек, 2,127 млрд. теңгеге 250 орындық «Комфорт» (527 млн. теңге), 150 орындық «Арман Су» (135 млн. теңге), 75 орындық «Бастау» (85 млн. теңге) сынды үлкен жобалар мен бірнеше орта деңгейдегі демалыс орындары қызметін бастады. Нәтижесінде 87 жаңа жұмыс орны ашылып, 8 млрд. теңгенің ақылы қызметі көрсетілген.

Шомылу маусымында құтқарушылардың иығына артылған жүктің салмағы да артқандай. Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты мекемеде 13 адам абыроймен қызмет етуде. Жазда осы азаматтардың арқасында 28 адам, соның ішінде 7 бала құтқарылды. Олар жаңа заманның сұранысына сай су көліктерімен, өзге де қажетті техникалармен толықтай қамтылған.

Айдынды өңірге сапарлай келетін меймандардың 80 пайызының Ақши ауылын таңдайтыны жасырын емес. Жылдан жылға көркейіп келе жатқан аядай ғана ауыл кішігірім қалаға ұқсап барады. Сәні мен сәулеті жарасқан түрлі демалыс орындары мен әлеуметтік нысандар да бой көтеруде. Бір айта кетерлігі, миллионнан астам туристі қабылдауға қауқарлы ауылдың небәрі 650-ге жуық қана тұрғыны бар.

Мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан жұмыстар да көңіл қуантады. Ауылға кіреберісте 600 млн. теңгеге төрт жарым гектарға қанатын жайған керемет саябақ салынды. Мұнда субұрқақ пен ашық аспан астындағы 350 орындық амфитеатры, балалар ойын алаңы мен кафелер, естелік сыйлық дүкендері орналасқан. Тағы бір айта кетерлігі, Ақши ауылында жағажай волейболы, шағын футбол алаңы мен үлкен теннис корты ашылды. Көктұма ауылында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында спорт алаңы салынды.

Ақшидегі ауқымды істердің бірі ретінде ауыз су жүйесін салу жобасын айтуға болады. Жалпы ұзындығы 52 шақырымды құрайтын су жүйесіне 2,5 млрд. теңге бөлініп отыр. Кәріз жүйесі де күн тәртібінен түскен емес. Бұл бағытқа да 1,4 млрд. теңге қарастырылып отыр. Ең бастысы, жағаны бекіту жұмыстары қолға алынды. 6 млрд. теңге бөлінген жобаның жүзеге асуы барлық тарапқа да тиімді. Былтыр пандемияға байланысты кедергілер туындап, құрылыс кешеуілдеген еді. Алайда биыл іс қайта жандануда.

Туристердің санын арттыру мақсатында «Талдықорған – Үшарал», «Үшарал – Ақши – Көктұма» күре жолдары да күрделі жөндеуден өтуде. Биыл туризмнің қазаны қайнаған қос ауылға апарар жолдар ашылып, барлығымызды да қуантты.

Шомылу маусымында «Үшарал» әуежайының да қызмет көрсету қарқыны артты. «Талдықорған-Үшарал» бағытында күніне екі мәрте, «Алматы-Үшарал» бағытында аптасына 7 күн, «Нұр-Сұлтан-Үшарал» бағытында аптасына 6 рет ұшақ қатынады. Жазда барлығы 22344 жолаушы әуе рейстерін қолданған. Қазіргі таңда әуежайдың қуаттылығын арттыру, алып ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік туғызу мақсатында ұшып-қону жолағын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары қолға алынды. Оған республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 7,5 млрд. теңге бөлінген.

Теміржол қатынастары да қызметін ойдағыдай жалғастырды. «Алматы-Жетіген-Достық», «Нұр-Сұлтан-Нұрлы-Достық», «Нұр-Сұлтан-Достық», «Алматы-Достық» бағыттарында күніге пойыздар тоқтамады.

Облыстың туристік әлеуетін дамыту ісі алдағы уақытта да жалғасады. Қазір Алакөлді дамыту жұмысы Көктұма, Ақши ауылдары тұсында жақсы жүргізіліп жатыр. Үшаралға жаңа терминал қойылды, Бірақ ұшып-қону алаңы шетелдік компаниялар мен «Боинг» сынды ұшақтарды қабылдауға әлі дайын емес. Осы мәселені шешу үшін облыс әкімдігі қомақта қаржы бөліп, қиындықты шешуге белшеше кірісті. Қаржының алғашқы бөлігі 4,7 миллион теңге бөлінді. Жұмыс жақсы жүріп жатыр. Келер жылы шомылу маусымы ашылғанға дейін бұл жұмыс аяқталмақ. Қазір Үшаралға Астанадан ұшақтар қатынайды. Алдағы уақытта Ресейдің Омск, Томск, Новосибирск өлкелерінен де ұшақпен ұшып келіп демалып қайтуға мүмкіндік жасалмақ.

Алакөлмен қатар балқаш көлінің жағалауындағы демалыс аймағын дамытуда назардан тыс қалған жоқ. Балқаш жағалауын дамыту бойынша бас жоба жасалған. Республикалық және жергілікті бюджет есебінен Талдықорғаннан Лепсіге, одан көлдің жағалауына дейін 140 шақырым жол жөнделіп жатыр. Балқаш көлінің джағалауы да Алакөл сынды демалыс аймағынан еш кем түспейтіндей жасалуда. Бір кездері Одаққа ат дүркіреген, кейінгі жылдары жағдайы нашарлаған «Қапал-Арасан» шипажайына да қан жүгірмекЖуырда бір кәсіпкер ол жерді сатып алып, халықаралық деңгейдегі демалыс орнына айналдырумен айналысып жатыр. Шипажайды қалпына келтіру үшін облыстық әкімдік қолдан келетін көмекті көрсетуде. Шипажайды қалпына келтіру жұмысы келер жылы басталуы мүмкін. Сонымен бірге туризмдегі тағы бір басымдық Алматы тау кластері дамыту жобасы аясында Талғар мен Еңбекшіқазақ аудандарында заманауи шаңғы курорттар салынбақ.

Бүгінгі таңда облыстың туристік кластерін дамыту бағытында атқарылған жоспарлар толығымен жүзеге асатын болса, 2025 жылға қарай облысқа келетін туристердің ағыны 3,5 миллион адамға жетеді, бұл бюджеттің кіріс бөлігіне айтарлықтай үлес қоспақ.

 Қажет Андас, Алматы облысы
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді