Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан құрамасының бес боксшысы жартылай финалға жолдама алды

Бүгін Белградта (Сербия) өтіп жатқан бокстан XXI әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан былғары қолғап шеберлері анықталды. Бұл қатарда Қайрат Сатжанов бастаған ұлттық құраманың бес боксшысы бар,  деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қазақстандықтар арасынан алғаш болып шаршы алаңға шыққан Теміртас Жүсіпов (48 кг дейін) өзбекстандық Нодиржан Мирзаахметовтен болған жекпе-жекте сенімді жеңіске жетті. Әлем чемпионатын 1/8 айналымнан бастаған 2013 жылы Азия чемпионы бірінші жекпе-жегінде сербиялық Омер Аметовичті жеңген.

Осыдан кейін 54 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Махмұд Сабырхан бразилиялық Мишель Тринидадтан бір бас жоғары екенін көрсетті. 20 жастағы қазақстандық боксшы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жастар арасындағы әлем чемпионы оңтүстік кореялық Ин Гю Кимді, сосын шотландиялық Мэттью Макхэйлді жеңді.

Ал Қазақстан құрамасының үшінші өкілі Саматәлі Төлтаев (60 кг дейін) Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2017 жылғы әлем чемпионы франциялық Софьян Умиадан айласын асыра алмады. Естеріңізге сала кетейік, Саматәлі Сербиядағы алғашқы кездесуінде таиландтық, келесі кезеңде колумбиялық Дуван Зулетаны қапы қалдырған.

Қазақстан еншісіне жартылай финалдың үшінші жолдамасын капитан Абылайхан Жүсіпов алып келді. Ол моңғолиялық Баатурсухийн Чинзорингпен болған жекпе-жекте бар білгенінен жаңылған жоқ.

Күндізгі сессиядағы соңғы былғары қолғап шеберіміз Нұрқанат Райыс (75 кг дейін) чемпионатты осы жерден аяқтауға мәжбүр. Жерлесіміздің жолын италиялық Сальваторе Кавалларо кесті.

Түнгі сессияда шаршы алаңға шыққан тағы бес қазақстандық боксшының екеуі ғана бәсекені ары қарай жалғастырады. Жазда Токио Олимпиадасында қола медаль алған Сәкен Бибосынов тәжірибелі колумбиялық, Риодағы олимпия ойындарының күміс жүлдегері Юберген Мартинес Ривастан айласын асырды. Айта кетейік, осыдан 2 жыл бұрын Екатеринбургте (Ресей) өткен бокстан әлем чемпионатында екі боксшы рингте күш сынасып, Сәкеннің мерейі үстем болған.

Осы бір жеңісті серияны 57 келіге дейінгі салмақтағы Серік Теміржанов жалғап, жүлдеге іліккен бесінші боксшы атанды. Павлодарлық спортшы ресейлік Эдуард Савинге еш мүмкік қалдырған жоқ.  

Өкінішке қарай, осыдан кейін жұдырықтасқан қазақстандық үш шаршы алаң шебері ұтылып қалды. Тартысты өткен жекпе-жектерде төрешілер Санатәлі Төлтаевті (63,5 кг) шотландиялық Риз Линчке, Асланбек Шымбергеновті (71 кг дейін) украиналық Юрий Захареевке, Нұрбек Оралбайды сербиялық Владимир Мирончиковке есе жіберді деп есептеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді