Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандықтарға мүгедектік пен асыраушысынан айырылу бойынша 68 млрд теңгеден астам төлем жасалды

Қазақстандықтарға мүгедектік пен асыраушысынан айырылу бойынша 68 млрд теңгеден астам төлем жасалды
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 59,3 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 8,9 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 545,9 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 191,9 мың адамды құрады.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 86,2 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал
62,9 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.

Төлемдердің мөлшері соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру деректеріне байланысты, әр адамға жеке тағайындалады.

Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.

Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2026 жылғы 1 ақпанан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 10%-ға өсті. ҚР Үкіметінің шешімі бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-дан төленетін төлемдердің мөлшері де 10%-ға артты.

Осылайша, осы жылы жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1-топ үшін – 111 873 теңгені, 2-топ үшін – 89 498 теңгені, 3-топ үшін – 61 022 теңгені құрайды.

2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 54 742 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 55 800 теңгені құрайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
3 комментария
  • Harriet
  • 03-03-2026, 13:52
  • : 13:52
PornPics.comはちょうど熱心なファンである皆のための何かを持っている。 エロ画像 検索 サイト
  • Numbers
  • 12-03-2026, 21:07
  • : 21:07
The Pinnacle of Elegance: exclusive escorts in dubai http://test-taegorism.com/bbs/board.php?bo_table=free&wr_id=828
  • Aida
  • 14-03-2026, 03:53
  • : 03:53
Estoy jugando en https://blitz-bet.es/ hace ya unas semanas y la experiencia haa sido bsolutamente fantástica! Espectacular selección de juegos, pagos rápidos, y la atención al cliente es siempre eficiente. Los bonos son también extremadazmente interesantes. Totalmente recomendable!
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады