Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында кәмелетке толмаған қыздың интимдік сипаттағы материалдарын таратқан тұрғын ұсталды

Жетісу облысында кәмелетке толмаған қыздың интимдік сипаттағы материалдарын таратқан тұрғын ұсталды
Фото: polisia.kz

Жетісу облысының тұрғыны кәмелетке толмаған қыздың интимдік сипаттағы материалдарын заңсыз таратқаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жетісу облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесіп және "Жаңа адамдар" жастар қозғалысы өкілдерінің қолдауымен интимдік сипаттағы материалдарды заңсыз тарату дерегін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Алакөл ауданының 22 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу мәліметінше, күдікті TikTok әлеуметтік желісі арқылы кәмелетке толмаған қызбен танысып, кейін байланысын мессенджерлердің бірі арқылы жалғастырған. Қыздың сеніміне кірген ол психологиялық қысым көрсетіп, қорқытып, сондай-ақ 20 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы беремін деп уәде етіп, одан интимдік сипаттағы фотосуреттер мен бейнематериалдарды алған.

Кейін күдікті аталған бейнематериалдарды мессенджерлердің біріндегі жабық арналар арқылы заңсыз таратып, одан материалдық пайда тапқан. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сонымен қатар оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Полиция ата-аналарды балалардың интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырады. Кәмелетке толмағандарға әлеуметтік желілерде қауіпсіз қарым-қатынас жасау қағидаларын түсіндіріп, бейтаныс адамдармен байланысудың қауіпті екенін және ешбір жағдайда жеке фотосуреттері мен бейнематериалдарын бөгде адамдарға жібермеу қажеттігін үнемі ескертіп отырған жөн.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді