Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО-да полицейлер көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізушіні ұстады

БҚО-да полицейлер көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізушіні ұстады
Фото: Polisia.kz

БҚО-да полицейлер көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

БҚО ПД патрульдік полиция қызметкерлері 3 желтоқсанға қараған түні Жәңгір хан көшесінде ВАЗ-2110 автокөлігін тексеру мақсатында тоқтатпақ болған, алайда оның жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, әрі қарай қозғалысын жалғастырған.

Патрульдік экипаж автокөліктің артынан әрі қарай еріп жүру барысында заңды талаптарға бағынбауына байланыста қосымша жақын маңдағы патрульдік жасақтардың көмегімен Барбастау кентінің маңында тоқтатылды.

Тексеру барысында жүргізуші бұрын соңды 2022 жылы 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғандығы, оның облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны екені анықталды. Сонымен қатар медициналық куәландыру нәтижелері бойынша жүргізуші орта дәрежелі мас күйінде болған.

Қазіргі уақытта құқық бұзушыға қатысты көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның басқару және алкогольдік масаң күйде болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Автокөлік арнайы автотұраққа қамалды.

Және де көлік құралын тоқтату туралы полиция қызметкерінің талаптарын орындамағаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жүргізушіге бұл іс-әрекеті үшін алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді