Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында медициналық куәландырудан бас тартқан мас жүргізуші 25 тәулікке қамалды

Жетісу облысында медициналық куәландырудан бас тартқан мас жүргізуші 25 тәулікке қамалды
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында медициналық куәландырудан бас тартқан мас жүргізуші 25 тәулікке қамалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Демалыс күндерінің бірінде таңға жуық Талдықорған қаласының орталығында патрульдік полиция қызметкерлері Toyota Camry автокөлік тоқтатты. Көлік тізгінінде 21 жастағы жергілікті тұрғын болған. Тексеру барысында жас жігіттің көлік басқару құқығы жоқ екені анықталды. Сонымен қатар одан алкогольдің өткір иісі шығып, сөзі түсініксіз болған және агрессивті мінез-құлық танытқан. Полиция қызметкерлері медициналық куәландырудан өтуді ұсынғанымен, жүргізуші одан бас тартты. Мұндай әрекет тек жүргізушінің өзіне ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Әсіресе, көлік басқару құқығының болмауы мен ықтимал масаң күйдегі жағдай сапарды одан әрі қауіпті етеді. Іс материалдары сотқа жолданды. Сот шешімімен жас жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 25 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Жетісу облысының полициясы көлік басқару құқығынсыз рөлге отыру және медициналық куәландырудан өтуден бас тарту заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Бір сәттік жауапсыздықтың салдары ауыр болуы мүмкін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды