Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстау облысында жол қозғалысы ережесін бірнеше рет бұзған жүргізуші ұсталды

Маңғыстау облысында жол қозғалысы ережесін бірнеше рет бұзған жүргізуші ұсталды
Фото: Polisia.kz

Маңғыстау облысында жол қозғалысы ережесін бірнеше рет бұзған жүргізуші ұсталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында Өмірзақ ауылындағы өндірістік аймаққа жақын автожолда полицей қызметкерлері DAV көлігін байқап, оның жүрісі күдік тудырды. Көлік жүргізушісі полицияның тоқтау туралы заңды талабына бағынбай, бой тасалауға тырысты. Қуғын барысында бірнеше рет жол қозғалысы ережелерін бұзды.

Ұстау кезінде жүргізушінің Түркістан облысының тұрғыны екені, жүк тасымалдаумен айналысатыны және тиісті құжаттары бары анықталды. Алайда ол медициналық куәландырудан өтуден бас тартты. Азамат келесі құқық бұзушылықтар бойынша жауапкершілікке тартылды: полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбау, маневр жасау ережелерін бұзу, қарсы бағыттағы жолаққа шығу, медициналық куәландырудан бас тарту (мас күйінде көлік жүргізуге теңестіріледі), жол белгілері мен таңбаларын сақтамау, апаттық жағдай жасау. Көлік арнайы тұраққа қойылып, іс сотқа жолданды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті