Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мектеп оқушылары тұмауға байланысты онлайн оқи ма: Министрлік жауап берді

Өткен аптада Денсаулық сақтау министрлігі ЖРВИ көрсеткіштері жоғарылаған жағдайда мектеп оқушыларын онлайн оқытуға көшіруді ұсынған еді. Білім министрлігі бұл бастаманы қолдамайтынын мәлім етті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған kazlenta.kz

"Әлемде мектептер бірінші болып ашылып, соңғы болып жабылады. Бұл туралы ЮНИСЕФ өкілдері де мәлімдеді. Біз балалардың толық әрі сапалы білім мен олардың әл-ауқатын қамтамасыз ету маңызды деп санаймыз. Осыған орай, Оқу-ағарту министрлігі онлайн форматта оқыту ұсынысын қолдамайды", - деп мәлім етті Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің өкілі. Айта кетейік, ЮНИСЕФ (United Nations International Children's Emergency Fund) - балалар құқығын қорғайтын және олардың өмірін жақсарту үшін жұмыс істейтін халықаралық ұйым. ЮНИСЕФ дүние жүзіндегі балаларды қорғау үшін БҰҰ-мен жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі балаларды онлайн оқытуға көшіру туралы ұсыныс жасаған болатын. Өткен аптада жұқпалы ауруларды қадағалау бөлімінің меңгерушісі Роза Қожапова бір сыныптағы балалардың 20-30 пайызы ЖРВИ жұқтырса, сыныптық оқыту жүйесін алып тастау және сыныпқа жаңадан балаларды қабылдамау ұсынылатынын айтқан болатын. Сондай-ақ бір инкубациялық кезеңде сыныпта 30 пайыз немесе одан да көп бала ауырған жағдайда, сыныпты онлайн оқытуға көшіру ұсынылды. Одан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, ағымдағы эпидемиологиялық маусым басталғалы бері (2022 жылдың 1 қазанынан бастап) республикада жіті респираторлық вирустық инфекцияның 764 247 жағдайы тіркелген.

Республика бойынша аурушаңдық өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы деңгейде екені атап өтілді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді