Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жыл басынан бері 29 блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалған

Жыл басынан бері 29 блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалған
Фото: pixabay.com

Бас прокуратура жыл басынан бері 29 блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың бірінің ісі сотқа жолданса, 8 іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған. 8 іс қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның анықталмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген. 12 іс тергеп тексеріліп жатыр.

Бас прокуратура ақпараттық кеңістіктің мониторингісін Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі жүргізетінін, жарияланымда қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері анықталған жағдайда оларды тергеулігі бойынша Ішкі істер министрлігіне жіберетінін атап өтеді.

Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу шеңберінде Бас прокуратура биыл БАҚ-та екі рет үндеу жасап, онда ұлттық алауыздықты қоздыруға, сепаратизмді насихаттауға жəне жалған хабарламаларды таратуға бағытталған құқық бұзушылықтар үшін заңда белгіленген жауапкершілік туралы ескерткен. Қазір «Онлайн-платформалар жəне онлайн-жарнама туралы» заң жобасы əзірленген, ол бүгінгі күні мемлекеттік органдармен келісілген жəне Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің қарауында.

«Заң жобасының негізгі мақсаты онлайн-жарнамалар, сондай-ақ онлайн-платформалар қызметтерінің құқықтық негіздерін айқындау болып табылады. Аталған заң жобасында инфлюенсер (блогер) – айқындалмаған тұлғалар тобына арналған жəне өз мақсаттары мен өзге де қоғамдық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, оның ішінде қоғамда жекелеген пікірлерді қалыптастыруға ықпалы бар ақпаратты онлайн-платформаларда тарататын адам ұғымы енгізілуде.

Жалған ақпараттың таралу фактілері кең тарала бастағанын ескере отырып, егер бұл əрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-əрекет белгілері болмаса, айыппұл түріндегі санкцияны айқындай отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін əкімшілік жауаптылықты белгілеу жоспарланған. Осылайша, осы Заң жобасы қабылданған жағдайда интернет кеңістігінде көрінеу жалған ақпараттың таралуына тиімді қарсы іс-қимыл жасау үшін қажетті жағдайлар жасалады деп санаймыз», - деп жауап береді Бас прокуратура.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді