Павлодар облысында іздеуде жүрген күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Павлодар облысында із-түзсіз жоғалғандар мен қылмыстық жауапкершіліктен бой тасалаған азаматтарды іздестіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Заңнан жалтарғандар жазадан құтылуға тырысқанымен, жедел уәкілдер оларды анықтау үшін арнайы алгоритмдер мен бағдарламаларды қолданып, нәтижелі жұмыс атқаруда.
Мәселен, жедел уәкілдер Павлодар қаласындағы Майра көшесіндегі үйдің ауласында 2024 жылдың қазан айынан бері тергеуден жасырынған ер адамды қолға түсірді. Ол облыс аумағында бұзақылық жасағаны үшін іздеуде болған. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Айта кетейік, жыл басынан бері түрлі қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 77 адамның тұрған жерін полиция анықтап, оларды жауапқа тартты.