Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ресей Федерациясынан 252 мың дана тауық жұмыртқасын кіргізуге жол берілмеді

Ресей Федерациясынан 252 мың дана тауық жұмыртқасын кіргізуге жол берілмеді
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына ветеринариялық құжаттарсыз 252 мың дана тауық жұмыртқасын кіргізудің жолы кесілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жайсаң» ветеринариялық бақылау бекетінде ҚР АШМ ВБҚК Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлері Ресей Федерациясынан Байқоңыр қаласына бағыт алған көлік құралын бақылау барысында тасымалданатын жүкке қажетті ветеринариялық құжаттардың жоқ екенін анықтады.

Аталған құқық бұзушылық бойынша тиісті акт және әкімшілік хаттама толтырылып, жұмыртқа Ресейге кері қайтарылды.

Тасымалдаушыға ветеринариялық заңнама талаптары және бақылаудағы өнімдерді мемлекеттік шекара арқылы өткізу қағидалары түсіндірілді.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті бақылаудағы өнімдердің мемлекеттік шекара арқылы өткізілуін қатаң бақылауды және тиісті ветеринариялық құжаттарсыз өнімдердің әкелінуіне жол бермеуге қатысты шараларды күшейтуді жалғастыратын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді