Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қайтарылған активтер есебінен Ақмола облысының 10 ауылында жаңа медициналық нысандар салынады

Қайтарылған активтер есебінен Ақмола облысының 10 ауылында жаңа медициналық нысандар салынады
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым салу жөніндегі жобаларды жүзеге асырып келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының бірқатар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер (ФАП) мен дәрігерлік амбулаториялар құрылысын аяқтау жұмыстарына Арнаулы мемлекеттік қордан 1,7 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды.

Барлығы 4 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт және 1 медициналық пункт салынады. Әр ауысымда 405 науқасты қабылдай алатын дәрігерлік нысандар ауылдық жерлерде халықтың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Дәрігерлік амбулаториялар Ақмола облысының келесі ауылдарында:

● Аршалы ауданы Арнасай ауылында,

● Астрахан ауданындағы Ескі Қалқұтан ауылында,

● Жарқайың ауданы Пятигорское ауылында,

● Целиноград ауданы Жаңа Есіл ауылында бой көтереді.

Сондай-ақ:

● Жақсы ауданының Киров ауылында,

● Целиноград ауданы Жарлыкөл ауылында,

●  Бұланды ауданының Партизанка ауылында,

● Бұланды ауданы Алтынды ауылында,

● Шортанды ауданының Пригородное ауылында ФАП-тар салынады.

 Целиноград ауданының Шалқар ауылында медициналық пункт пайдалануға беріледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты