Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет Риддер қаласын жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бөледі

Үкімет Риддер қаласын жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бөледі
Фото: primeminister.kz

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу желілері мен ЖЭО жабдықтарын жөндеуге резервтен шамамен 1,8 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаражат қаланы жылумен қамту сенімділігін арттыруға және инфрақұрылымды 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындауға жұмсалады. Бөлінген қаржы жылу желісінің тозығы жеткен 12 учаскесіне, сондай-ақ Риддер ЖЭО-дағы №5 және №6 қазандық агрегаттарында күрделі жөндеу жобаларын аяқтауға бағытталады. 

Жұмыстарды жүргізу қажеттілігі техникалық тексеру нәтижелерімен расталды. Мамандар жылу жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін учаскелер мен жабдықтарды анықтады. Өткен жылыту маусымы барысында жекелеген учаскелерде зақымданулар мен тозу белгілері анықталып, оларды жоспарлы түрде жаңарту қажеттілігі дәлелденді.

Қазандық агрегаттары мен жылу желілерін жөндеу жылу жүйесінің тұрақты жұмысын арттырып, қала тұрғындарын жылумен қамтудың сенімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады