Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында мал ұрлығы бойынша 11 адам сотталды

Абай облысында мал ұрлығы бойынша 11 адам сотталды
Фото: polisia.kz

Абай облысында мал ұрлығы бойынша 11 адам сотталды,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай облысының Бесқарағай аудандық соты мал ұрлығын бірнеше рет жасағаны үшін 11 адамға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Сот шешімімен оларға алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Тергеу амалдарын Бесқарағай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізді.

Іс бойынша тіркелген эпизодтардың бірі 20 ақпанда болған. Сағат шамамен 02:00-де Өндіріс ауылының маңында полицейлер мал ұрлығына қатысы болуы мүмкін деген күдікпен үш автокөлікті тоқтатқан. Одан әрі жүргізілген жедел-тергеу шаралары барысында полицейлер бірнеше рет жасалған мал ұрлығы фактілерінің мән-жайларын анықтап, қылмыстық іс бойынша тиісті дәлелдемелер жинады. Жиналған материалдар сотқа жолданды. Абай облысының полиция департаменті мал иелерін жайылымдағы малдың қауіпсіздігін бақылауда ұстауға және мал жоғалған жағдайда полицияға дереу хабарлауға шақырады. Жайылымдар мен мал ұсталатын орындардың маңынан күдік тудыратын автокөліктерді немесе өзге де күмәнді әрекеттерді байқасаңыз, 102 нөміріне хабарласыңыз.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді