Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында бес бас ірі қара малды ұрлады деген күдікпен екі азамат ұсталды

Қарағанды облысында бес бас ірі қара малды ұрлады деген күдікпен екі азамат ұсталды
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында бес бас ірі қара малды ұрлады деген күдікпен екі азамат ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарқаралы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бес бас ақбас тұқымды ірі қара малды ұрлады деген күдікпен екі азаматты ұстады. Оқиға бойынша биылғы жылдың ақпан айында аудандық полиция бөліміне 43 жастағы шаруа қожалығының иесі жүгінген. Оның айтуынша, белгісіз тұлғалар өткен жылдың қазан-қараша айлары аралығында жайылымнан бес бас ірі қара малын ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын көлемі 3 миллион теңгені құрады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қылмысты ашу және күдіктілерді анықтау мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген күдікпен аудан аумағындағы шаруа қожалықтарының бірінде жұмыс істейтін 44 және 61 жастағы екі азамат ұсталды. Тергеу барысында күдіктілер кінәларын мойындап, жауап берді. Олардан қылмысқа қатысты айғақ заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды. Полиция мал иелеріне малды қараусыз жайылымға жібермеуді, арнайы бақташылардың бақылауында ұстауды және таңбалау жұмыстарын уақытылы жүргізуді ескертеді. Бұл мал ұрлығының алдын алуға және қылмыс орын алған жағдайда оларды жедел анықтауға мүмкіндік береді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді