Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында 8,5 млн теңгенің малын ұрлаған күдікті ұсталды

Жамбыл облысында 8,5 млн теңгенің малын ұрлаған күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында 8,5 млн теңгенің малын ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қордай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызбен жүгінді. Оның айтуынша, малды жазғы жайылымға айдар алдында басын санау кезінде 51 қой мен 27 қозының жоқ екені анықталған. Келтірілген материалдық шығын 8,5 миллион теңгеден асты. Арыз иесінің айтуынша, ол жоғалған малды өз күшімен іздеп көргенімен, іздестіру жұмыстары нәтиже бермеген. Осыдан кейін полициядан көмек сұраған. Аталған дерек бойынша мал ұрлау фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде ұрланған малдың бір бөлігі заңды иесіне қайтарылды. Полиция ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне мал ұстайтын орындардың сенімді күзетілуін қамтамасыз етуді, сырғалау және жануарларды сәйкестендірудің өзге де құралдарын қолдануды, сондай-ақ малдың жоғалу фактілері анықталған жағдайда дереу полицияға хабарлауды ескертеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді