Семейде көлікті мас күйде тізгіндеген әйел 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
24 жастағы әйел Chevrolet Onix автокөлігін Шәкәрім даңғылы бойымен мас күйде басқарған. Медициналық куәландыру нәтижесінде оның жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Сот шешімімен әйел 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты оған әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылмады. Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлікті алкогольдік масаң күйде басқаруға жол бермеуге шақырады. Мұндай әрекет жүргізушінің ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың да өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, жол қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс.