Басылымның хабарлауынша, облыстық денсаулық сақтау басқармасы 5 қараша күні түнде түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен төрт адамның денсаулығы туралы мәліметті бөлісті.
"1992 жылы туған науқас сол жақ кеудесіне кесілген жарақат алған. Аурухана бөлімінде ем қабылдауда. Жағдайы тұрақты. 1984 жылы туған науқас бас-кеуде тұсына кесілген жарақат алған. Оған операция жасалды. Жансақтау бөлімінде жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Жағдайы өте ауыр. 1987 жылғы науқас бас-ми жарақатын, оң жақ иығынан кесілген жарақат алған. Травматология бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты. Ал төртінші науқас дәрігердің тексеруінен кейін амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді",- делінген аталған ведомствоның хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында ер азаматтар жанжалдасып, бес адам ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз. Оның бірі қайтыс болды.