Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында Балқаш-2 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

Қарағанды облысында Балқаш-2 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қарағанды облысында Балқаш-2 станциясының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. 1976 жылы салынған ғимарат жолаушылар үшін барынша қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған кешенді жаңартудан өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Қайта жаңғырту аясында жалпы ауданы шамамен 2 мың шаршы метрді құрайтын вокзалдың екі қабатты ғимараты жаңартылды. Нысанда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, кәріз, су, жылу және электрмен жабдықтау жүйелері толықтай жаңартылды. Жолаушылар инфрақұрылымына ерекше назар аударылды: жағалау перронының темірбетон конструкциялары ауыстырылып, жаңа тас төсем төселді. Сонымен қатар қосымша эвакуациялық жолдар жабдықталып, өрт қауіпсіздігінің заманауи талаптарына сәйкес есіктер орнатылды.

Балқаш-2 станциясының вокзалы II санатқа жатады. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 800 адамды құрайды. Станция арқылы Балқашты Астана, Қарағанды, Семей және Аягөз қалаларымен байланыстыратын 18 жолаушылар пойызы қатынайды.

Вокзалды қайта жаңғырту қызмет көрсету сапасын арттыруға, жолаушылардың жайлы жағдайда болуын қамтамасыз етуге және өңірдегі теміржол қатынасын одан әрі дамыту үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Вокзалдарды жөндеу жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан еліміздегі 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама аясында жүргізілуде. Қарағанды облысында бағдарлама 14 вокзалды қамтиды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды