Антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек елдің батысында 4–5 қарашада солтүстік-батыс циклонының жақындауына байланысты жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды kazlenta.kz.
3 қарашада шығыс өңірлерде атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (негізінен қар түрінде), сондай-ақ көктайғақ құбылыстары болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.
Батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +13+21°С-тан +6+19°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +13+18°С-тан +10+15°С-қа дейін төмендейді. Қазақстанның қалған аумағында ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.