Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы музейінде альпинизм тарихына арналған көрме ашылды

Алматы музейінде альпинизм тарихына арналған көрме ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы музейінде 28 қазанда «Аспанмен астасқан шыңдар» атты көрме ашылды. Экспозиция Алматыдағы альпинизмнің тарихына арналған. Көрмеге архив құжаттары, фотосуреттер, танымал альпинистердің жеке заттары мен тау шыңдарына көтерілгенде пайдаланылған құрал-жабдықтар қойылған. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Көрме Алматы қаласы әкімдігінің, қалалық Музейлер бірлестігі мен Алматы альпинистерін даярлау орталығының қолдауымен, Қазақстанның тау гидтері мен көшбасшылары ұлттық қауымдастығының қатысуымен ұйымдастырылды.

Экспозицияда альпинизмнің 1930 жылдардан бүгінге дейінгі тарихы қамтылған. Келушілер тау спорт түрінің қалыптасуы, кеңестік кезеңдегі альпинистердің жетістіктері, Қазақстандағы алғашқы әйел альпинистер және қазіргі кездегі тау шыңдарына өрлеу тәжірибесі туралы біле алады.

«Бұл көрме Алматыдағы альпинизмнің қалыптасуы мен даму тарихымен таныстырып қана қоймай, осы саланың өркендеуіне елеулі үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетуге мүмкіндік береді», – деді Алматы қаласы Музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова.

Көрменің ашылуына Эверест шыңын бағындырған алғашқы қазақстандықтардың бірі Қазбек Уәлиев, альпинизмнен әлемнің екі дүркін чемпионы Леонид Крупа, «Жеті шың» бағдарламасын орындап, Эверестке көтерілген алғашқы қазақ қызы Анар Борашева және альпинизм қауымдастығының өкілдері қатысты.

Қазбек Уәлиев көрмеге қойылған тарихи фотосуреттерге ерекше тоқталды.

«Қазақстандағы альпинизм тарихының тамыры тереңде жатыр. Алматы альпинистері отандық тау спортының дамуына зор үлес қосты. Экспозиция маған өте ұнады. Әсіресе, тарихи фотосуреттер назарымды аударды», – деді ол.

Көрме Қабанбай батыр көшесі, 132 мекенжайында бір ай бойы жұмыс істейді. Оны сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін тамашалауға болады. Дүйсенбі – санитарлық күн.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды