Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Транзиттік контейнерлерден 633 млн теңгенің техникасын ұрлағандар сотталды

Транзиттік контейнерлерден 633 млн теңгенің техникасын ұрлағандар сотталды
Фото: polisia.kz

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстан аумағы арқылы Батыс Еуропа елдеріне бағыт алған транзиттік жүк контейнерлерінен қымбат техника ұрлаудың бірнеше дерегін ашты. Бұл туралы Көліктегі ПД бастығының бірінші орынбасары Теміржан Рамазанов мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Абай облысының төрт тұрғыны анықталып, ұсталған. Тергеу деректеріне сәйкес, олар алдын ала сөз байласып, жүк пойыздарының контейнерлеріне бірнеше рет заңсыз кіріп, ноутбуктер мен ойын приставкаларын ұрлаған.

– Атап айтқанда, өткен жылдың мамыр айында Жетісу облысындағы Торпалды станциясында Қытай – Польша бағытымен келе жатқан контейнерден 1 019 ноутбук ұрланған. Кейін ұрланған техниканың бір бөлігі Алматы қаласында сатылған. Аталған ұрлық салдарынан жүк тиесілі компанияларға жалпы сомасы 633 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірілді, – деді Т. Рамазанов.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында көлік полицейлері қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп, ұрланған техниканың бір бөлігін тәркіледі. Қылмыстық іс бойынша фигуранттардың кінәсі толық дәлелденді. 

– Жетісу облысы Алакөл аудандық сотының үкімімен төрт сотталушы аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға 6 жыл 7 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – деп түйіндеді сөзін Т. Рамазанов.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды