Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында Тараз станциясының вокзалын қайта жаңғырту аяқталды

Жамбыл облысында Тараз станциясының  вокзалын қайта жаңғырту аяқталды
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Республика күні қарсаңында Жамбыл облысында 1986 жылы салынған Тараз станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан еліміздің теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде орындалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Жобаны іске асыру теміржол инфрақұрылымын жаңартуға, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға және пойыздарды күту мен жөнелту үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Қайта құру барысында вокзалдың екі қабатты ғимаратына кешенді жаңарту жүргізілді. Жаңғыртудан кейін вокзалдың жалпы ауданы 3 035 шаршы метрді құрайды. Жұмыстар қасбет пен шатырды, ішкі үй-жайларды, инженерлік коммуникацияларды, перронды және оған іргелес аумақты қамтыды.

Қасбетті безендіру кезінде травертин пайдаланылды, жертөле қазақстандық өндірістегі гранит плиткамен қапталған. Отандық өндірістің энергия үнемдейтін екі қабатты терезелері бар «жылы» тірек-ригель жүйесі негізінде жаңа терезелер мен алюминий витраждар орнатылды.

Ішкі үй-жайлар заманауи жанбайтын материалдарды қолдана отырып безендірілген. Дыбыс өткізбейтін тірек төбелері орнатылып, тозуға төзімді еден жабындары қолданылды. Іске асырылған шешімдер жолаушылардың жайлылығын, ғимараттың энергия тиімділігін және инфрақұрылымның пайдалану сенімділігін арттыруға бағытталған.

Тараз станциясының вокзалы бірінші класқа жатады. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 2 444 адамды құрайды. Станция арқылы Тараздың Қазақстанның ірі қалалары мен өңірлерімен, соның ішінде Алматы, Астана, Қарағанды, Семей, Павлодар, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Орал, Атырау, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Петропавл және Сарыағаш қалаларымен, сондай-ақ Ресей Федерациясы қалаларымен теміржол қатынасын қамтамасыз ететін 36 жолаушылар пойызы өтеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды