Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Оман арасында тікелей әуе қатынасы ашылды

Қазақстан мен Оман арасында тікелей әуе қатынасы ашылды
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасының күні қарсаңында «Air Astana» әуе компаниясының Астана – Салала (Оман Сұлтандығы) бағыты бойынша жаңа халықаралық әуе рейсін ашу салтанаты өтті. Рейстер Airbus A320 үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа бағыттың ашылуы Мемлекет басшысының авиация саласын дамыту, халықаралық ұшу бағыттарының географиясын кеңейту және Қазақстанның транзиттік авиациялық хаб ретіндегі ұстанымын нығайту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда.

Екі ел арасындағы әуе қатынасын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі – ағымдағы жылғы 6 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың кездесуі аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасында әуе қатынасы туралы келісімге қол қойылуы болды.

Жаңа рейстің ашылуына арналған салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, «Air Astana» әуе компаниясының аға вице-президенті Ерболат Байсалықов, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының басқарма төрағасының орынбасарлары Руслан Пыштанов пен Ермек Күміспаев, Оман Сұлтандығының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің өкілдері қатысты.

Алғашқы рейспен 140 жолаушы ұшты, бұл әуе кемесіндегі орындардың толық толғанын көрсетеді. Бір күн бұрын, 23 қазанда, Алматыдан Салала қаласына алғашқы рейс орындалып, ондағы жолаушылар орындары да толық толды.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Оман арасындағы әуе қатынасы SalamAir әуе компаниясының Алматы – Маскат бағыты бойынша да жүзеге асырылуда. Осылайша, қазақстандық әуе тасымалдаушы Оман Сұлтандығына екі жаңа бағыт ашу арқылы өзінің халықаралық маршруттық желісін кеңейтті.

Жаңа әуе бағыттарының ашылуы Қазақстан мен Оман арасындағы туристік, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуға, сондай-ақ азаматтардың саяхаттау мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды