Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астананың Байқоңыр ауданында Республика күні қарсаңында жаңа гүлзар ашылды

Астананың Байқоңыр ауданында Республика күні қарсаңында жаңа гүлзар ашылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елорданың Байқоңыр ауданында Республика күні қарсаңында тұрғындардың демалуына арналған тағы бір орын ашылды. Кенесары көшесінің бойында, А. Янушкевич пен А. Пушкин көшелерінің арасында жаңа гүлзар ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жалпы аумағы 6 600 шаршы метр болатын гүлзарда абаттандыру жұмысы жүргізіліп, шамамен 3 500 шаршы метр жерге брусчатка төселді. Балалардың қауіпсіз әрі белсенді демалысы үшін ауданы 250 шаршы метрден асатын, жұмсақ жабындысы бар ойын алаңы орнатылды.

Жаңа гүлзар таза ауада серуендеуге, отбасымен демалуға және балалардың ойнауына қолайлы орын болмақ. Мұндай қоғамдық кеңістіктер елорданың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға да ықпал етеді.

Айта кетейік, биыл Астананың Байқоңыр ауданында 107 аула абаттандырылып, 4 қоғамдық кеңістік пайдалануға берілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды