Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астананың Байқоңыр ауданында абаттандыру жұмысы жүріп жатыр

Астананың Байқоңыр ауданында абаттандыру жұмысы жүріп жатыр
Фото: Астана қ. әкімдігі

Биыл елорданың Байқоңыр ауданында тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған ауқымды абаттандыру жұмысы жүріп жатыр. Негізгі басымдықтардың бірі – аулаларды жаңарту, қоғамдық кеңістіктерді дамыту, көгалдандыру және тұрғындардың демалысына қолайлы жағдай жасау, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл аудан аумағында жалпы 107 аула толықтай жаңартылып, тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді. Оның ішінде абаттандыру жұмысы аясында 17 аула кешенді жаңғыртылды. Жұмыстың едәуір бөлігі тұрғындардың ұсыныстары мен бастамаларын қолдауға бағытталған «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылды. Аталған жоба аясында тұрғындардың тікелей атсалысуымен 11 аула абаттандырылып, жаңа келбетке ие болды.

Атап айтқанда, Отырар, Ж. Омаров, А. Бараев көшелері, сондай-ақ Республика және Абай даңғылдары бойындағы аулаішілік аумақтарда балаларға арналған заманауи әрі қауіпсіз ойын алаңдары, спорттық воркаут аймақтары, демалыс орындары және тұрғындарға қажетті басқа да инфрақұрылым нысандары орнатылды.

Сонымен қатар, аудан аумағында жөндеу-қалпына келтіру жұмысы да қарқынды жүріп жатыр. Биыл 90 аулаға жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп, аулаішілік жолдар, жаяу жүргіншілер жолдары, ойын және демалыс аймақтары кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр.

Аулаларды абаттандырумен қатар, тұрғындар үшін жаңа қоғамдық кеңістіктер қалыптастыруға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Биыл аудан аумағында 4 жаңа қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Олар Иманбаева, Пушкин, Кенесары және Сейфуллин көшелерінде орналасқан. Қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру барысындағы ауқымды жобалардың бірі – «Тұлпар» сауда орталығы маңындағы аумақты абаттандыру.Бұған дейін аталған аумақта ретсіз орналасқан ескі және заңсыз сауда нысандары болған. Заң талаптарына сәйкес аталған нысандар сүріліп, аумағы ретке келтірілді. Олардың орнына тұрғындар мен қала қонақтарына арналған заманауи әрі көрікті қоғамдық кеңістік қалыптастырылды.

Аумағы абаттандырылып, жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасалды, демалыс орындары мен көгалдандырылған алаң пайда болды. Нәтижесінде бұрын ретсіз сауда нысандары орналасқан аумақ жаңа қоғамдық кеңістікке айналып, тұрғындардың жайлы демалысына арналған тартымды орын қалыптасты.

Бұдан бөлек, аудан аумағында көгалдандыру жұмысына да басымдық беріліп отыр. Жыл басынан бері аудан аумағында 2 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды. Көгалдандыру жұмысы көшелердің бойында, аулаларда және қоғамдық кеңістіктерде жүргізіліп, ауданның жасыл қорын арттыруға бағытталған.

Көгалдандыру жұмысының нәтижесі де өз жемісін беріп отыр. Өткен жылы Ж. Тәшенев алаңына отырғызылған 80 түп алма және алмұрт көшеттері биыл алғашқы жемісін берді. Бұл – аудан аумағында жүргізіліп жатқан көгалдандыру жұмыстарының нақты нәтижелерінің бірі. Қазіргі таңда күзгі көгалдандыру жұмысы да жалғасып жатыр. Мәселен, Кенесары көшесінің бойына 230 түп ірі ағаш отырғызу жоспарланған. Сонымен қатар, күзгі кезеңде аудан аумағында тағы 500-ге жуық жасыл желек отырғызлатын болады.

Жалпы, Байқоңыр ауданындағы абаттандыру жұмысының басты мақсаты – тұрғындар үшін қауіпсіз, жайлы және заманауи қалалық орта қалыптастыру. Бұл ретте аула аумақтарын жаңарту, қоғамдық кеңістіктерді дамыту, көгалдандыру, жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындардың қоғамдық ортаға белсенді қатысуына жағдай жасау бағыттарына кешенді түрде көңіл бөлініп отыр. Абаттандыру жұмысы алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасып, аудан аумағындағы аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді жаңарту жұмысы тұрғындардың қажеттіліктері мен ұсыныстарын ескере отырып жүзеге асырылатын болады.Сонымен қатар, аудандағы елді мекендерде де ауқымды абаттандыру жұмысы жүргізілген. Мәселен, биыл Өндіріс тұрғын алабындағы Ақпан көшесінде тұрғындардың өтініші аясында бос кеңістік кешенді абаттандырылып, орнына балалар ойын алаңы ашылды.

Сонымен қатар, Қоянды саяжай алқабында тұрғындар көптен күткен қоғамдық демалыс кеңістігі мен балалар ойын алаңы бой көтерді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың қалалық инфрақұрылымын дамыту, абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруды тапсырған. Қазір елорданың барлық алты ауданында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соңғы жылдары Астанада 500-ге жуық қоғамдық және аула кеңістігі абаттандырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді