Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада рұқсат етілмеген орындардан 226 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды

Астанада рұқсат етілмеген орындардан 226 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтау және жою жұмысы жүйелі түрде жүріп жатыр. Қаланың аудандарында аумақтарға мониторинг жүргізіліп, қоқыс шығарылып жатыр. Абаттандыру ережелерін бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері елорда аудандарынан 226 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Нұра ауданында жүргізілген жұмыс нәтижесінде 62 учаске тазартылып, аудан аумағынан 92,7 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Рұқсат етілмеген қоқыс орындарының қайтадан пайда болуының алдын алуға және қалдықтарды заңсыз төгетін адамдарды анықтауға ерекше назар аударылып отыр. Бүгінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 66 жеке тұлға мен 153 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сарыарқа ауданында жыл басынан бері 16 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды. Оның ішінде төрт учаске «Қазақстан Ғарыш Сапары» жүйесінің көмегімен табылған. Жалпы, аудан аумағынан 21 660 тонна қалдық шығарылды.
Байқоңыр ауданында 2026 жылдың басынан бері рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою жұмысы аясында экополигонға 39 мың тоннадан астам қоқыс жеткізілді.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мәліметінше, ауданда қоқыс жиналған сегіз проблемалы учаске анықталып, олардың барлығында тиісті жұмыс жүргізілді. Жалпы, 38 учаске тазартылды. Олардың қатарында 101, Үшқоңыр, Жұбанов, Пушкин, Өндіріс, Циолковский, Тайбурыл, Мұнайшылар көшелері, «Алай» базарының маңы, Солтүстік айналма жолы, Алаш даңғылы, Пушкин көшесіндегі теміржол өткелі және басқа да аумақтар бар.

Есіл ауданында биыл «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жүйесінің көмегімен қоқыс жиналған 19 орын анықталды. Олардың барлығында тазалау жұмысы жүргізілді. Жыл басынан бері аудан аумағынан 45 мың тоннадан астам қалдық шығарылды.
Сарайшық ауданында да рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою жұмысы жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 28 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстарға 10 фронтальды тиегіш пен 50 самосвал жұмылдырылған.

Аумақтарды тазалау жұмысы Ұлы Дала даңғылынан «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейінгі Ш. Қалдаяқов көшесінің бойында, сондай-ақ жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінің бойында жүргізіліп жатыр.

Елордада рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтау және жою жұмысы тұрақты негізде жүргізіледі. Аудан әкімдіктері заманауи технологияларды пайдалана отырып, аумақтарға мониторинг жасайды және қоқыс орындарының қайта пайда болуының алдын алу шараларын қабылдайды.

Тұрғындар мен кәсіпкерлерді абаттандыру қағидаларын сақтауға, құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастамауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды