Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҰҚК халықаралық интернет-алаяқтықпен айналысқан Қытайдың 13 азаматын елден шығарды

ҰҚК халықаралық интернет-алаяқтықпен айналысқан Қытайдың 13 азаматын елден шығарды
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз көші-қонға қарсы күрес шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып елде жүрген Қытайдың 13 азаматын анықтап, ұстады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында шетелдіктердің Қазақстан аумағында халықаралық интернет-алаяқтықтың жасырын схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

Олардан көптеген компьютерлік техника, ұялы телефондар, «Starlink» спутниктік интернет байланысы жабдықтарының жиынтықтары, сондай-ақ криптоәмияндардағы ірі көлемдегі қаражат табылды.

Топтың әрекеттері Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын өзге елдердің азаматтарына қарсы бағытталған және шетелден үйлестіріліп отырған.

Осыған байланысты одан әрі тексеру Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігіндегі әріптестермен бірлесіп жүргізілді. Ұсталғандардың кейбірі өз елінде осыған ұқсас әрекеттері үшін іздеуде жүргені анықталды.

2026 жылдың 16 қазанда шетел азаматтары әкімшілік тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылып, одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін ҚХР-ның уәкілетті органдарына тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды