Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған Бангладеш азаматтары анықталды

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған Бангладеш азаматтары анықталды
Фото: Polisia.kz

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған Бангладеш азаматтары анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының полиция департаменті көші-қон қызметінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы аясында құжаттарды тексеру барысында көші-қон заңнамасын бұзған үш Бангладеш азаматын анықтады.

Тексеру нәтижесінде шетелдіктердің елордаға туристік визамен келгені белгілі болды. Алайда, турист мәртебесімен елде бола тұра, олар заңсыз еңбек қызметімен айналысып, Еуропалық Одақ елдеріне виза алуға әрекеттенген.

Сонымен қатар олардың виза мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан аумағынан уақытылы шықпағаны анықталды. Осыған байланысты Бангладеш азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Қазақстан Республикасынан күштеп шығарылды.

Астана қаласының полиция департаменті шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша ел аумағында болу мерзімі аяқталғанға дейін міндетті түрде шығу қажеттігін ескертеді. Егер бұл талап орындалмаса, шетелдіктерге әкімшілік жаза, соның ішінде елден күштеп шығару шарасы қолданылатынына назар аударады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді