Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Пәкістаннан келген туристер елден мәжбүрлі түрде шығарылды

Пәкістаннан келген туристер елден мәжбүрлі түрде шығарылды
Фото: Polisia.kz

Астана полициясы Пәкістаннаннан келген туристерді елден мәжбүрлі түрде шығарды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзған Пәкістан Республикасының бес азаматын анықтады. Шетелдіктердің елорда аумағына туристік виза арқылы кіргені және белгіленген мерзімде елден шықпағаны белгілі болды.

Мигранттар Қазақстан Республикасынан мәжбүрлі түрде шығарылды. Полиция қызметкерлері туристерді әуе рейсімен Пәкістан Республикасына жіберді.

Астана қаласының полиция департаменті көшелер мен қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу мақсатында 14-18 қазан аралығында жедел-профилактикалық іс-шара өткізіп жатыр.

ЖПІШ басталғаннан бері полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзған 217 шетелдік пен 27 Қазақстан Республикасының азаматын анықтады. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 23 шетел азаматтары елден шығарылды.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді