Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды

Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полиция қызметкерлері бес жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген 44 жастағы шетел азаматын ұстады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам Мақтаарал ауданында көші-қон заңнамасының сақталуын тексеру барысында анықталған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ол жүрген жерінен ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру барысында шетел азаматының бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталғаны және 2021 жылдан бері халықаралық іздеуде жүргені анықталды.

Қазіргі таңда ол қамауда. Сонымен қатар "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Түркістан облысының аумағында заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 26 шетел азаматы анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, олардың 16-сы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Полицейлер көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды