Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыстан келген антициклон айқындайды. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы орнап, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Бүкіл кезеңде Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, 27–28 қыркүйекте солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республиканың шығысында, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнгі уақытта Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін.
Түнгі және таңертеңгі уақытта кей жерлерде тұман болжанады. Республика облыстарының басым бөлігінде желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
Бүкіл кезеңде солтүстікте, шығыста, 27–28 қыркүйекте еліміздің солтүстік-батысында және орталығында түнгі уақытта 1–3°С үсік күтіледі.