Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Кішкентай бағбандар»: елордалық бүлдіршіндер өздері өсірген көкөністерді жинады

«Кішкентай бағбандар»: елордалық бүлдіршіндер өздері өсірген көкөністерді жинады

Астанада №61 «Шолпан» балабақшасында мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілерді еңбекке баулу, табиғатты қорғауға үйрету және экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Кішкентай бағбандар» атты жылыжай өнімдерін жинау іс-шарасы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара барысында бүлдіршіндер жаз айларында өз қолдарымен күтіп-баптаған жылыжайдағы көкөністердің өнімін жинауға қатысты. Балалар өсімдіктердің қалай өсіп, өнім беретінін өз тәжірибелері арқылы көріп, еңбектің нәтижесін сезінді. Әр бала өз еңбегінің жемісін жинап, қуанышын тәрбиешілерімен және достарымен бөлісті.

Шараның танымдық бөлімінде тәрбиешілер балаларға өсімдіктердің өсу кезеңдері, оларды суару, күтіп-баптау және өсімдіктердің адам өміріндегі пайдасы туралы түсінік берді. Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өсімдіктерге ұқыпты қараудың маңызын талқылады.

«Біздің ойымызша, осындай тәжірибелік жобалар мектепке дейінгі жастағы балалардың бойында еңбекқорлық, жауапкершілік, ұқыптылық және табиғатқа деген сүйіспеншілік сияқты маңызды қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді. Баланың өз қолымен өсірген өнімін жинауы – оның еңбегінің нәтижесін көруге мүмкіндік беретін тәрбиелік мәні зор тәжірибе», деді Ecolab жобасының балабақшадағы жүзеге асуына жауапты тәрбиеші Гүлнара Ешкенова.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды