Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанадағы балабақшаларда «Дені сау бала – дені сау ұлты» атты спорттық ойын-сауық апталығы өтті

Астанадағы балабақшаларда «Дені сау бала – дені сау ұлты» атты спорттық ойын-сауық апталығы өтті
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада 13-17 шілде аралығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалардың бойында салауатты өмір салты құндылықтары мен тәртіп мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Дені сау бала – дені сау ұлты» атты спорттық ойын-сауық апталығы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осы ауқымды іс-шараның қорытындысы ретінде «Sun City» балабақшасында ата-аналардың қатысуымен салтанатты жиын мен ұлттық ойындар керуені ұйымдастырылды. Іс-шараның қонағы Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының бас хатшысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мақсат Шотаев болды.

Бағдарлама аясында өткен Ұлттық ойындар керуені бойынша балабақша ауласында, сонымен қатар ұлттық бөлмеде құрылған этно-аялдамаларда балалар мен ата-аналар үшін күш пен бірлікті сынайтын «Арқан тартыс», мергендікке баулитын «Асық ату» және ойыншық аттармен «Көкпар», зияткерлік «Бесдемше» ойындары ұйымдастырылды.

Жалпыұлттық флешмобта барлық қатысушылар, яғни балалар, ата-аналар, тәрбиешілер мен балабақша қызметкерлері заманауи патриоттық және спорттық әуенге би биледі. Апталық нәтижесінде балалардың физикалық белсенділігі артып, «Заң мен тәртіп» ұғымын терең түсінді, яғни қарапайым ойын ережесін сақтау, өз кезегін күту, тазалық сақтау сияқты қағидаларды сақтаудың маңызын ұғынды. Сондай-ақ отбасы мен балабақша арасындағы байланыс жаңа деңгейге көтерілді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді