Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанадағы мектепте 1000 оқушы қатысқан «Күзгі асар» мерекесі ұйымдастырылды

Астанадағы мектепте 1000 оқушы қатысқан «Күзгі асар» мерекесі ұйымдастырылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында мектепішілік «Күзгі асар» шоу бағдарламасы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын іс-шараның мақсаты – оқушыларды еңбексүйгіштікке, бірлік пен ізгілікке баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты аялауға үйрету.

Сайысқа 1-8 сынып аралығындағы оқушылар қатысты. Іс-шара бірнеше бағытта өтті. «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» жобасында интерактивті көрме ұйымдастырылды. Ал «Еңбек эстафетасы» бөлімі тартысты ойын түрінде өтсе, «Күзгі сән байқауы – Алтын күз ханзадасы мен ханшайымы» бөлімінде қатысушылар дефиле көрсетті. Сондай-ақ ұстаздар арасында «Креативті дресс-код шоуы» ұйымдастырылды.

«Бүгін мектебімізде дәстүрлі түрде өтетін «Күзгі асар» атты экологиялық-еңбек мерекесін ұйымдастырдық. Бұл іс-шара «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында өткізіліп отыр.
Биылғы «Күзгі асарға» 1-сыныптан 8-сыныпқа дейінгі шамамен 1000-ға жуық оқушы қатысты. Әр сынып өз қолымен түрлі көкөніс, жеміс-жидек және табиғи материалдардан жасалған бұйымдарын ұсынды. Бұл арқылы балалар қалдықтарды қайта пайдалану мен табиғатты қорғаудың маңызын іс жүзінде көрсетті», - деді мектеп директоры Гүлдерай Майқанова.

Іс-шараны сайыстың ең кішкентай қатысушылары – 1-сынып бүлдіршіндері «Береке нұры төгілген күз» атты көрініспен ашып берді.

Балалардың өнері көрермендердің көңілінен шығып, ерекше әсер сыйлады.

Әр бөлім өзіне тән тақырып, ұран және түсімен ерекшеленді.

Мысалы, «Жаратылыстану бағытындағы пәндер бірлестігі» жасыл түспен «Дәрумен достар» стилін ұсынды, ал «Мұғалімдер мен оқушылар парламенті» қара-ақ түсті «Күзгі ритм» ұранымен сахнаға шықты.

Қазылар алқасы мектептің тәжірибелі ұстаздарынан құралды. Олар қатысушылардың шығармашылық еңбегін, бірлескен жұмысын және эстетикалық талғамын жоғары бағалады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті