Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: елордалық оқушылар әлеуметтік орталық тұрғындарына өздері өсірген көкөністерді сыйға тартты

«Таза Қазақстан»: елордалық оқушылар әлеуметтік орталық тұрғындарына өздері өсірген көкөністерді сыйға тартты
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанадағы №46 «Балабақша-мектеп-гимназия» кешенінің тәрбиеленушілері, оқушылары, ата-аналары мен ұстаздары қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Әлеуметтік бейімдеу үйінің тұрғындарымен кездесті. «Күзгі алғыс» атты іс-шара жас ұрпақ үшін мейірімділік пен құрметтің үлгісіне айналды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Балалар орталыққа құр қол келмей, ұстаздарымен бірге мектеп жанындағы бақта өздері өсірген күзгі өнімдерін – көкөністерін сыйға тартты. Бұл экожоба «Таза Қазақстан» атты кең ауқымды акция аясында жүзеге асырылып отыр. Жоба оқушыларға табиғатқа ұқыпты қарауды үйретіп, экологиялық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар балалар қонақтарға арнап ән шырқап, өлең оқып, би билеп, шағын концерттік бағдарлама ұсынды. Олардың мақсаты – орталық тұрғындарына қамқорлық танытып, көңілдерін көтеру.Бұл іс-шара «Адал ұрпақ – Адал азамат» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың практикалық сабағы болып саналады. Бағдарлама еліміздің адал, жауапты әрі белсенді азаматтарын тәрбиелеуге бағытталған.

«Осындай бастамалар балаларды ең басты құндылықтарға – ізгілік пен адалдыққа баулиды. Біз тек оқушы тәрбиелемейміз, қоғамға жақсылық жасап, үлес қосатын болашақ азаматтарды өсіреміз», – деді кешен директоры Р.Қасқабаева.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады