Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті

Астанада «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараның басты мақсаты – бұлақ көздерін ашу, оларды тазарту және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Аталған акцияға «Астана Тазалық» мекемесінің қызметкерлері мен еріктілер қатысты. Әр тараптан 50 адамнан қатысып, жалпы саны 100 адам табиғатты қорғау жұмысына атсалысты.

Іс-шара барысында қатысушылар 3 шақырым аумақты тазалап, бұлақ маңын қоқыстан арылтты.

Бұл бастама қоршаған ортаны қорғауға бағытталған нақты іс-қимылдардың бірі болды.

Айта кету керек, елімізде еріктілер қозғалысы қарқынды дамып келеді. Соңғы жылдары еріктілер саны айтарлықтай артып, бүгінде жүз мыңдаған азамат түрлі әлеуметтік және экологиялық жобаларға белсенді қатысуда.

«Мөлдір бұлақ» акциясы – тек тазалық жұмысы ғана емес, бұл – қоғамдағы жауапкершілік пен бірліктің айқын көрінісі. Мұндай шаралар арқылы тұрғындар табиғатты аялаудың маңызын терең түсініп, ортақ іске өз үлестерін қосуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады