Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте айтыскер ақын Нұрлан Есенқұловтың «Шабыт шалқығанда» кітабының тұсауы кесілді

Шымкентте айтыскер ақын Нұрлан Есенқұловтың «Шабыт шалқығанда» кітабының тұсауы кесілді
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкентте айтыскер ақын Нұрлан Есенқұловтың «Шабыт шалқығанда» атты кітабының тұсауы кесіліп, оқырманға ақынның жылдар бойы жинақталған шығармашылық мұрасы таныстырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында өткен әдеби-мәдени кешке қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі, филология ғылымдарының докторы, айтыскер ақын Аманжол Әлтай, жазушы Момбек Әбдіәкімұлы, ақын Құрбанәлі Кенжебаев, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер мен өнер иелері қатысты.

Жиын барысында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек ақынды кітабының жарық көруімен құттықтап, қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің арнайы құттықтау хатын оқып берді. Онда Нұрлан Есенқұловтың ұлттық өнерді дамытуға қосып жүрген үлесі мен шығармашылығының маңызы атап өтілді.

Ақынның қуанышына ортақтасып, арнайы келген айтыскер ақын Серік Қалиев Нұрлан Есенқұловтың өнердегі жолына тоқталып, оның айтыстағы суырыпсалмалық қабілеті мен шеберлігін жоғары бағалады. Інісіне ақ тілегін арнап, иығына шапан жапты.

Кітап авторы Нұрлан Есенқұлов бұл жинаққа әр жылдары өткен 23 айтыстағы жырлары енгенін айтты. Оның сөзінше, кітапта елдік мәселелер, қоғамдағы өзекті тақырыптар мен ұлы тұлғаларға арналған толғамдар қамтылған. Ақын әсіресе айтыскер ақын Ринат Зайытовпен өткен айтыстың шығармашылық жолында алар орны ерекше екенін атап өтті.

– Бұл – жылдар бойы жинақталған еңбегімнің нәтижесі. Мен үшін айтыскер ақын Ринат Зайытовпен болған сөз додасының орны ерекше. Осы айтыста халықтың ықыласына бөленіп, көпшілікке танылдым. Жалпы, айтыс – жай ғана екі ақынның сөз жарыстыруы емес, онда елдің жоғын жоқтап, халықтың көкейіндегі мәселелерді қозғайсың. Сондықтан жинақты қолға алған оқырман қазақтың төл өнерінің ерекшелігін танып, айтыста есімі аталған тұлғалар туралы айтылған сөздерді де біле жүрсе, мақсатымның орындалғаны, – деді ақын.

Әдеби кеш ары қарай ақынға арналған арнау жырлар мен әсем әндермен жалғасты.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды