Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне зерттеу университеті мәртебесі берілді

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне зерттеу университеті мәртебесі берілді
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне зерттеу университеті мәртебесі берілді. Бұл шешім университеттің инженерлік кадрлар даярлауға, қолданбалы зерттеулерді дамытуға және өнеркәсіпті технологиялық жаңғыртуға қосқан үлесін айқындайды. ШҚТУ еліміздің жетекші өнеркәсіптік өңірлерінің бірі саналатын Шығыс Қазақстанда білім, ғылым және өндірісті тоғыстыратын орталық ретінде дамып келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

2025 жылы университетте ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың көлемі 4,2 млрд теңгеге жетті. Ғылыми қызметтің университет бюджетіндегі үлесі 32,6%-ды құрады. Іске асырылған 253 ғылыми жоба мен келісімшарт негізінде жүргізілген зерттеудің 188-і кәсіпорындардың тапсырысы бойынша орындалды.

Бір жыл ішінде ШҚТУ ғалымдары рейтингтік шетелдік ғылыми журналдарда 231 еңбек жариялады. Олардың жартысынан астамы Q1 және Q2 квартильдеріндегі басылымдарда жарық көрді. ШҚТУ Еуропалық одақтың Horizon Europe бағдарламасының конкурстық іріктеуінен өткен Қазақстандағы алғашқы университет атанды. Университет TiBeRIUM жобасы аясында 12 елдің 25 ұйымымен бірлесіп титан мен бериллийді зерттеп, оларды өңдеудің экологиялық тұрғыдан орнықты технологияларын әзірлеп жатыр.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында ШҚТУ-да тау-кен металлургия кешені саласындағы Академиялық және зерттеу артықшылығы орталығы дамып келеді. Орталық аясында жоғары технологиялық 10 зертхана құрылып жатыр. 2026 жылғы қазанда университетте Критикалық материалдар және орнықты металлургия институты ашылды. Институттың негізгі зерттеу бағыттары – аса маңызды металдарды терең өңдеу, өнеркәсіптік қалдықтарды қайта айналымға енгізу және қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтатын технологияларды әзірлеу.

Университет базасында Қазақстан-Неміс ғылым және технологиялар институты, VERITAS артықшылық орталығы, PROFCOAT қорғаныш және функционалдық жабындар ғылыми орталығы, Лу Бань шеберханасы және SMART Driving Technology инжинирингтік орталығы жұмыс істейді. Жаңғыртылған «Алтай» технопаркінде медициналық инновациялар кластері қалыптасып келеді. ШҚТУ ғалымдары әзірлеген имплантаттар 150-ден астам пациентті емдеуде қолданылды.

Зерттеу университеті мәртебесі ШҚТУ-дың академиялық дербестігін кеңейтуге, білім беру бағдарламаларын ғылыми жетістіктер мен өнеркәсіптің сұранысына сай жаңартуға, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға және өндіріске енгізуге мүмкіндік береді.

Университеттің бес жылдық даму бағдарламасы жетекші шетелдік ғылыми орталықтармен бірлескен зертханалар ашуды, зерттеулерге ғалымдар мен қосымша қаржы тартуды және ел үшін басым бағыттар бойынша жаңа ғылыми мектептер қалыптастыруды көздейді. Бұл жұмыс өңір кәсіпорындарын технологиялық жаңғыртуға және жас зерттеушілердің Қазақстанда ғылыми қызметпен айналысуына жағдай жасауға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды